Сараптамалық шолу

 

Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі және бұл мәртебе ҚР-ның Конституциясында бекітілген. Сондықтан, республикадағы кез-келген ұйым немесе құрылым өз қызметінде мемлекеттік тіл қағидаларын қатаң басшылыққа алуға міндетті. Осыған орай, ҚР Президенті Н.Назарбаев «Қазақстан - 2050» Стратегиясында: «Біздің міндетіміз – қазақ тілін барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту» деп атап көрсеткені белгілі. Бұл қаржы, бизнес саласына да қатысты.  

«Дегдар» қоғамдық келісімді қолдау қорының «Til-audit.kz» сайты ұлттық компаниялардың және олардың құрылымдарының интернет-ресурстарында мемлекеттік тілдің сауатты қолданылуын қадағалайды. Ұлттық компаниялар мен кәсіпкерлік холдингтердің, шағын және орта, ірі бизнес субъектілерінің интернет-ресурстарының негізінен ресми тілде болуы, қазақтілді ақпараттың толыққанды болмауы, мемлекеттік тіл мәртебесіне сай біркелкі экономикалық терминологияның қолданылмауы, қарапайым грамматикалық талаптардың орындалмауы экономика мен бизнестегі мемлекеттік тілге қатысты мәселелерді жедел шешуді талап етеді.

Осыған байланысты Til-audit.kz сайтының қызметкерлері еліміздегі аса ірі экономикалық ұйым - «KAZENERGY» қауымдастығының мүшелері мен серіктестері ресми сайттарындағы қазақ тілінің қолданысына мониторинг жүргізді. Барлығы – 25 ұлттық компания, акционерлік қоғам, ЖШС және т.с.с. мекемелердің ресми сайттары қаралды. Мониторинг нәтижелері мынадай:

 

 

Рет № Атауы Ақпарат беру тілі
1 «Атамекен» ҰКП Қазақ, орыс, ағылшын
2

«KAZENERGY» қауымдастығы

Қазақ, орыс, ағылшын

3

«ҚазМұнайГаз» ҰК

Қазақ, орыс, ағылшын

4

«KEGOC» АҚ

Қазақ, орыс, ағылшын

5

«Бәйтерек» ҰБХ АҚ

Қазақ, орыс, ағылшын

6

«ҚазМұнайГаз Барлау Өндіру» АҚ

Қазақ, орыс, ағылшын

7

«ҚазМұнайТеңіз» компаниясы

Қазақ, орыс, ағылшын

8

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Орыс

9

Nostrum Oil & Gas (Жайықмұнай)

Орыс, ағылшын

10

«Азиялық газ құбыры» ЖШС

Қазақ, орыс, ағылшын

11

BG Kazakhstan

Ағылшын

12

Agip Karachaganak

Ағылшын, итальян

13

GDF SUEZ

Ағылшын, француз

14

«Интергаз Орталық Азия» АҚ

Қазақ, орыс, ағылшын

15

Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг» кен орны

Орыс,ағылшын

16

«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК

Қазақ, орыс, ағылшын

17

«Қазгермұнай» БК ЖШС

Қазақ, орыс, ағылшын

18

«Қаражанбасмұнай» АҚ

Орыс

19

«ҚазРосГаз» ЖШС

Қазақ, орыс

20

«ҚазТрансГаз» АҚ

Қазақ, орыс, ағылшын

21

«ҚазТрансОйл» ЖАҚ

Қазақ, орыс, ағылшын

22

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК

Қазақ, орыс, ағылшын

23

«Қазақ мұнай және газ институты» АҚ

Орыс

24

«ҚазМұнайГаз-Сервис» ЖШС

Қазақ, орыс

25

Петро Қазақстан

Қазақ, орыс, ағылшын

 

 

Шетелдік компаниялар негізінен ағылшын немесе тиісінше француз, итальян және орыс тілдерінде ақпарат береді.  

 

Мына сайттардың қазақша парақшасы жоқ:

1.     Атырау мұнай өңдеу зауыты

2.     Жайықмұнай (Nostrum Oil & Gas)

3.     BG Kazakhstan

4.     Agip Karachaganak

5.     GDF SUEZ

6.     Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг»

7.     «Қаражанбасмұнай» АҚ (қазақ тілінде тек жаңалықтар бар)

8.     «Қазақ мұнай және газ институты» АҚ (санаулы ақпарат қазақ тілінде берілген).

 

Басты кемшіліктер:

 

1.     Аударма сапасы өте нашар, аударылған мәтіндерде сөйлем құрылысы қазақ тілінің ережелеріне сай емес. Грамматикалық, орфографиялық қателер көп. Бұл барлық сайттарға тән кемшілік.

 

2.     Терминдерді қолдануда бірізділік жоқ. Мысалы, анализ, аналитик, обучение, прозрачность, открытость, публикация, область, пресс-центр және т.б. сөздер дұрыс аударылмаған - «ҚазРосГаз» ЖШС, «Қазгермұнай» БК ЖШС, «Азиялық газ құбыры» ЖШС, «ҚазМұнайГаз Барлау Өндіру» АҚ.

 

3.     Компаниялардың қаржылық есептері, жылдық есептері тек орыс тілінде берілген - «ҚазРосГаз» ЖШС, «ҚазМұнайГаз Барлау Өндіру» АҚ, «Интергаз Орталық Азия» АҚ.  

 

4.     Кестелердің, карталардың, презентациялардың қазақ тіліндегі нұсқалары жоқ - «Интергаз Орталық Азия» АҚ, «ҚазРосГаз» ЖШС, «ҚазМұнайГаз Барлау Өндіру» АҚ, «ҚазТрансГаз» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК, «ҚазМұнайГаз-Сервис» ЖШС.

 

5.     Сатып алулар туралы қазақша ақпарат жоқ - «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК, «ҚазТрансОйл» ЖАҚ, «ҚазМұнайГаз Барлау Өндіру» АҚ, «Қазгермұнай» БК ЖШС, «ҚазРосГаз» ЖШС, «Интергаз Орталық Азия» АҚ.

 

6.     Қазақша парақшадағы сілтемелер орыс тілінде берілуі кездесті - «Интергаз Орталық Азия» АҚ, «Қазгермұнай» БК ЖШС.

 

Жекелеген кемшіліктерге келетін болсақ, айталық, «ҚазРосГаз» ЖШС сайтында «Создание производственной базы по грануляции серы» деген тақырып атауы «Күкіртті түйіршіктеу бойынша өндірістік негізді құру» деп мүлде қате аударылған. Дұрысы – «Күкіртті түйіршіктеудің өндірістік базасын құру». Сондай-ақ, осы сайтта «информационная прозрачность» - ақпараттық тұнықтылық» деп қате аударылған.

«Интергаз Орталық Азия» АҚ сайтының қазақша парақшасында тендерлер туралы ақпарат тек орыс тілінде берілген.

 «ҚазТрансОйл» ЖАҚ-ының бос жұмыс орындары туралы қазақша ақпараты жоқ. Осы сайтта аналитик – талдаушы деп қате жазылған, дұрысы – сарапшы.

Осылайша, мониторинг барысы көрсеткендей, Қауымдастыққа қарасты мекемелер өздерінің интернет-ресурстарындағы қазақ тілді ақпараттың сапасы мен мазмұнын көтеруге баса назар аударуы қажет екендігін атап айтқымыз келеді.

 

                                          Дина Имамбаева

  «Til-audit.kz» сайтының редакторы