Қостанай  облысының әкімі

А.Б.Мұхамбетов мырзаға

Құрметті Архимед Бегежанұлы!

Til-audit.kz сайты ҚР Қостанай облысының ресми интернет-ресурсындағы мемлекеттік тілдің қолданыс деңгейін қарап, мынадай кемшілікті анықтады.

Сайттың «Аймақ жаңалықтары» бөліміндегі «Қостанай қаласында «mcdonald’s» мейрамханасы ашылды» мақаласындағы соңғы сөйлемнің мағынасы жоқ.

Осыған орай, Сізден, мемлекеттік тілдегі ақпараттардың сауатты жазылуына байланысты жасалып жатқан жұмыстарға қолдау білдіріп, аталған кемшіліктің жөнделуіне ықпал етуіңізді сұраймыз.