«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ

төрағасы А.С.Сарқұлов мырзаға 

 Құрметті Абай Серікұлы!

 Til-audit.kz сайты "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ-ның ресми интернет-ресурсындағы мемлекеттік тілдің қолданыс деңгейіне байланысты мынадай кемшілікті анықтады. 

Қордың «Сатып алу» бөліміндегі «Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру ережелері» сілтемесіндегі мәлімет орыс тілінде дайындалған.

Сізден, ҚР-ның "Тіл туралы" және "Тұтынушылар құқығын қорғау туралы" Заңдарына сәйкес, аталған кемшілікті түзетуге ықпал етуіңізді сұраймыз.