Ақмола облысының әкімі

М.К.Мырзалин  мырзаға

Құрметті Мәлік Кеңесбайұлы!

 Til-audit.kz сайты ҚР Ақмола облысының ресми интернет-ресурсындағы мемлекеттік тілдің қолданыс деңгейін қарап, мынадай кемшілікті анықтады.

Сайттың «Өңір жаңалықтары» бөліміндегі «Тәуелсіздік күнінде Ақмола облысында бірқатар әлеуметтік нысан мен жаңа тұрғын үйлер пайдалануға берілді» мақаласындағы соңғы сөйлем мағынасын ашпай тұр.

Осыған орай, Сізден, мемлекеттік тілдегі ақпараттардың сауатты жазылуына байланысты жасалып жатқан жұмыстарға қолдау білдіріп, аталған кемшіліктің жөнделуіне ықпал етуіңізді сұраймыз.