Қостанай  облысының әкімі

А.Б.Мұхамбетов мырзаға

Құрметті Архимед Бегежанұлы!

Til-audit.kz сайты ҚР Қостанай облысының ресми интернет-ресурсындағы мемлекеттік тілдің қолданыс деңгейін қарап, мынадай кемшіліктерді анықтады.

Сайттың «Аймақ жаңалықтары» бөліміндегі Ерлан Жамановтың әкім болып тағайындалуы жөніндегі мәліметте орфографиялық қателер бар. Сонымен қатар, сөйлемдер дұрыс құралмаған.

Осыған орай, Сізден, мемлекеттік тілдегі ақпараттардың сауатты жазылуына байланысты жасалып жатқан жұмыстарға қолдау білдіріп, аталған кемшіліктің жөнделуіне ықпал етуіңізді сұраймыз.