ҚР Ауыл шаруашылығы министрі

А.И.Мырзахметов мырзаға

Құрметті  Абылай Мырзахметұлы!

Til-audit.kz сайты ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсындағы қазақ тілінің қолданыс деңгейіне мониторинг жүргізіп, мынадай қателіктерді анықтады.

Сайттың «Жаңалықтар» бөліміндегі «Қазақстанның ерекше қорғалатын табиғи аумақтарында экологиялық туризмнің дамуы туралы» ақпаратта бірнеше қате бар. Атап айтқанда, «адамдар» сөзі көптік жалғауды қажет етіп тұрған жоқ. Бұдан өзге екі сөзде орфографиялық қате бар.    

Осыған байланысты, Сізден, мемлекеттік тілдегі ақпараттардың сауатты әрі дұрыс жазылуына байланысты жасап жатқан жұмысымызға қолдау білдіріп,  аталған қателіктерді түзетуге  ықпал етуіңізді сұраймыз. 

Шешілді