ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау

 министрі Тамара Дүйсеноваға

Құрметті Тамара Қасымбекқызы!

Til-audit.kz сайты ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрлігі интернет-ресурсындағы мемлекеттік тілдің қолданыс деңгейіне қарап, мынадай кемшілікті анықтады.

Сайттың «Министрлік жаңалықтары» бөліміндегі министрліктің қызмет сапасын күшейту туралы жазбасында Елбасының бағдарламалық мақаласын дұрыс жазбаған. Дәлірек айтқанда, орыс тілінен тікелей аударған.

Осыған орай,  Сізден мемлекеттік тілдегі ақпараттардың сауатты жазылуына байланысты жасалып жатқан жұмыстарға қолдау білдіріп, аталған кемшіліктің жөнделуіне ықпал етуіңізді сұраймыз. 

Шешілді