ҚР Ауыл шаруашылығы министрі

А.И.Мырзахметов мырзаға

Құрметті Абылай Мырзахметұлы!

Til-audit.kz сайты ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсындағы қазақ тілінің қолданыс деңгейіне мониторинг жүргізіп, мынадай қателіктерді анықтады.

Сайттың «Жаңалықтар» бөліміндегі «Ауылда кооперация дамуда» жазбасында түсініксіз сөйлем бар. Министрлік атауның бірінші әрпі бас әріппен жазылатынын да ескертеміз.

Осыған байланысты, Сізден, мемлекеттік тілдегі ақпараттардың сауатты әрі дұрыс жазылуына байланысты жасап жатқан жұмысымызға қолдау білдіріп,  аталған қателіктерді түзетуге  ықпал етуіңізді сұраймыз. 

Шешілді