Қостанай  облысының әкімі

А.Б.Мұхамбетов мырзаға

Құрметті Архимед Бегежанұлы!

Til-audit.kz сайты ҚР Қостанай облысының ресми интернет-ресурсындағы мемлекеттік тілдің қолданыс деңгейін қарап, мынадай кемшіліктерді анықтады.

Сайттың «Аймақ жаңалықтары» бөліміндегі облыстық спартакияда туралы жазбада сөйлемдер дұрыс құралмаған. «Ыстық спорттық жарыстар» деген сөздер тікелей орыс тілінен аударылып, сөйлемнің мазмұнынына әсер етіп тұр.

 

Осыған орай, Сізден, мемлекеттік тілдегі ақпараттардың сауатты жазылуына байланысты жасалып жатқан жұмыстарға қолдау білдіріп, аталған кемшіліктің жөнделуіне ықпал етуіңізді сұраймыз.