Қарағанды мемлекеттік индустриалық 

университетінің ректоры 

Б.А.Жәутіков мырзаға

Құрметті Бахыт Ахатұлы!

Til-audit.kz сайты Сіз басшылық ететін университеттің ресми интернет-ресурсындағы мемлекеттік тілдің қолданыс деңгейін қарап, мынадай кемшілікті анықтады.

Университет сайтының «Ғылым және халықаралық байланыстар» бөліміндегі сілтемелердің жартысы орыс тілінде жазылған.

Сізден, ҚР-ның "Тілдер туралы" және "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңнамаларына сәйкес, аталған кемшіліктің түзетілуіне ықпал етуіңізді сұраймыз.