«Қазақстан даму банкі» АҚ Басқарма төрағасы

Б.Б.Жәмішев мырзаға

Құрметті Болат Бидахметұлы!

Til-audit.kz сайты "Қазақстанның даму банкі"  АҚ ресми интернет-ресурсындағы мемлекеттік тілдің қолданыс деңгейіне мониторинг жүргізу нәтижесінде  мынадай кемшілікті анықтады. 

Акционерлік қоғам сайтының «Сатып алулар» бөлімшесінде қазақ тілінде мәлімет жоқ. Барлық сілтемелер орыс тілінде жазылған.

Сізден, ҚР-ның "Тіл туралы" және "Тұтынушылар құқығын қорғау туралы" Заңдарына сәйкес, аталған кемшілікті түзетуге ықпал етуіңізді сұраймыз.