ҚР Әділет министрі 

Б.Имашев мырзаға

 

Құрметті Берік Мәжитұлы!

Til-audit.kz сайты ҚР Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсындағы мемлекеттік тілдің қолданыс деңгейін қарау нәтижесінде бірқатар кемшіліктерді анықтады.

 

Сайттың "Азаматтарға" атты бөлімінде орналасқан "Ақпараттық қызметтер онлайн" деген бөлім бойынша "ҚР НҚА Эталондық бақылау банкі" және "Қорғалатын құжаттар тізілімі" деген сілтемелер арқылы ашылатын ақпараттың қазақша нұсқасы жоқ. 

Сондай-ақ, "Ақпараттық қызметтер онлайн" деп аударылуы дұрыс емес. 

Осыған орай, ҚР-ның "Тіл туралы" және "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Заңдарына сәйкес, аталған кемшіліктерді түзетуге ықпал етуіңізді сұраймыз.