Алматы облысының Әкімі 

А.Баталовқа

 

Құрметті Амандық Ғаббасұлы! 

Til-audit.kz сайты Алматы облысы Дін істері басқармасының ресми интернет-ресурсындағы мемлекеттік тілдің қолданыс деңгейіне мониторинг жасап, мынадай қателікті анықтады. 

Аталған сайтта "дін, дәстүр және халық бірлігі" атты облыстық спартакиада өтті" деген мақалада аталған басқарманың басшылығы грамматикалық қателіктер жіберген. "Спартакиада" сөзінде "да" деген жалғауды қолданбаған. Қазақ тілінде сөйлемді сауатты құрастыра алмау, мемлекеттік тілдің мәртебесін түсіріп тұр. 

Осыған орай,  Сізден мемлекеттік тілдің жанашыры ретіне Дін істері басқармасы сайтындағы қателіктердің жөнделуіне ықпал етуіңізді сұраймыз.