ҚР Әділет министрі 

Б.Имашевқа

 

Құрметті Берік Мәжитұлы!

Til-audit.kz сайты ҚР Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсындағы мемлекеттік тілдің қолданыс деңгейін қарап шықты. Сайттың ресми атауындағы "Әділет министрлігінің ресми қоры" деген сөз дұрыс қолданылмаған деп ойлаймыз. Себебі орыс тілінде "официальный интернет-ресурс" деп берілген. Ал, қазақ тіліндегі атауда "интернет" сөзі түсіп қалған.

Екіншіден, "ресурс" сөзін "қор" деп аударып беруді де орынсыз деп санаймыз. Себебі, ҚР "БАҚ туралы" заңында және сөздіктерде бұл атауды "интернет-ресурс" деп ұсынған.

Осыған орай, Сізден мемлекеттік тілдің сауатты қолданысын дамытуға бағытталған Тil-audit жобасын қолдауға және аталған кемшілікті жөндеуге ықпал етуіңізді сұраймыз.

  

Шешілді