Til-Audit.kz интернет-сайты 2015 жылы қыркүйекте қызметін бастады.

Сайт қызметінің мақсаттары:

  • Мемлекеттік мекемелердің интернет- ресурсындағы қазақ тілді мәліметтердің сапасы мен қолданыс деңгейін тексеру;
  • мемлекеттік тілдің мәртебесін нығайту мақсатында қазақ тілінің тазалығын сақтау жөне тіл мәдениетін арттыруға атсалысу;
  • мемлекеттік тілдің қолданысын арттыруда азаматтық қоғамды жұмылдыру.

Сайттың міндеттері:

  • Мемлекеттік тілдің құқықтық мәртебесіне сәйкес азаматтардың құқықтарын толығымен жүзеге асыруға ықпал ету;
  • қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі нормаларының сақталуын қадағалау;
  • ресми интернет-ресурстардағы қазақ тілді контентті жат сөздерден қорғау;
  • «Мемлекеттік тіл туралы» заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілікті талап ету;
  • азаматтардың заңды құқықтарын талап ету тетігі ретінде азаматтық коғамның бір институты болып табылатын үкіметтік емес ұйымдардың әлөуетін толыққанды іске асыру.